You are here

«АЛТЫН САПА» МЕН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» БАЙҚАУЛАРЫНДА ҚАЛАЙ ҮЗДІК АТАНУҒА БОЛАДЫ?

Алматы облысының кәсіпорындары үшін оқыту семинары өтті 

Қазақстан бойынша «Алтын сапа» Президент премиясы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы қатысушыларына арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Семинар байқау қатысушыларына кеңесші-әдістемелік көмек беруге, ережелерді түсіндіруге, сапа саласындағы халықаралық байқаулар туралы баяндауға бағытталған. Талдықорған қаласында атамыш семинарды кәсіпорын басшылары мен топ-менеджерлері үшін «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова өткізді. 

«Алтын Сапа» премиясы сапа саласындағы елеулі жетістіктерге жеткен кәсіпорындарға тапсырылады. Байқауға нарықта 3 жылдан кем емес жұмыс істеп келе жатқан компаниялар қатыса алады. Салтанат Әбдікәрімованың сөзінше, биыл «Алтын сапаға» бірқатар өзгерістер енгізілген. 

«Қатысушылар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» және жаңадан тағайындалған  «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» атты аталым бойынша жеңімпаз атанады. Кәсіпкерлерді ынталандыру мен қолдау білдіру мақсатында және олардың халықаралық байқауларға қатысуына көмек ретінде 1 млн теңге көлеміндегі қаржылай марапат бар. Сонымен бірге ақтық кезеңге шыққан кәсіпорындарды сарапшылар тобының өндіріс орнында зерттеуі қарастырылған тағы бір кезең қосылды», - деді спикер.

 Бұнымен қатар «Үздік индустриалдық жоба» мен «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалды. 

Сапа байқауының тағы бір жаңалығы - өтінімді онлайн режимде altynsapa.kz сайты арқылы тапсыруға болады және онда қатысушылар туралы ақпарат жарияланады.Қатысущылар материалдарын мемлекеттік басқару органдарының басшылары, сапа саласындағы мамандар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінен құралатын сарапшылық комиссиясы бағалайтын болады. 

Айта кету керек, өткен жылы аталмыш байқауда Алматы облысынан Жаркент крахмал-сірне зауыты «Халық тұтынатын үздік тауарлар шығаратын кәсіпорын» аталымы бойынша жеңіп шықты.

Биыл «Galaksy» компаниялар тобы «Aлтын сапада» бағын сынап көрмек. Кәсіпорын еліміздегі құрылыс мақсатындағы жоғары сапалы алюминий профилін шығаратын ірі отандық өндіруші болып табылады. «Galaksy» өндірумен қатар, түрлі күрделі профильдерді жылжыту мен сатумен айналысады. Сонымен бірге терезелер мен есіктер, ішкі қалқалар мен құбырлардың жеке профиль жүйесін әзірлеумен де айналысады.  

«1996 жылдан бастап біздің компания өңірімізге көптеген инвестиция салды. Егер осыған дейін Түркиядан тек тауарды сатумен айналыссақ, қазір барлық бұйымдарды өзіміз шығарамыз. Зауыттарымыз Талғар мен Іле аудандарында орналасқан. Байқауға қатысу арқылы компания мен өнімнің танымалдылығын арттыруды мақсат етеміз», - дейді семинар қатысушысы «Galaksy» компаниялар тобының өкілі - «FIDELIS GLOBAL» ЖШС бас директоры Қыдыр Ахмедов. 

Ал «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын үш номинация бойынша ақшалай (1 орын - 300 мың. теңге; 2 орын - 200 мың.теңге; 3 орын - 150 мың.теңге) марапаттайды. Олар - «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын тауарлар»; «Үздік азық-түлік тауарлар». Өңірлік байқаудың 9 жеңімпазы республикалық конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады. 

«Көрме-байқаудың өңірлік кезеңінің 144 жеңімпазының ішінде сарапшылар комиссиясы 27 финалистті анықтайтын болады. Өз кезегінде олардың арасындағы жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Оған Қазақстанның барлық тұрғыны қатыса алады», - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова 

2015-2016 жылдары Алматы облысының атынан «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Рыбпром» ЖШС мен «Алматинские краски» ЖШС дипломант атанды. 

Биыл облыс орталығында «Қазақстанның үздік тауары» байқауы мауым айының соңына жоспарланған.

Талдықорғандық «MEDISSON 2008» компаниясы дәл осы өңірлік байқаудың алғашқы қатысушыларының бірі болмақ. Кәсіпорын директоры Алексей Шайкинның айтуынша, осылайша компания жалпы Қазақстанға танымалдылығын арттыруды ойлап отыр.

«Біздің компаниямыздың негізі 2008 жылы қалаған. Медициналық мақсаттағы жиһаз шығарумен айналысады. Өнімдерімізді металл, ағаш, ағаш-жаңқалы тақтадан жасаймыз. Бүгінде 30 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. «Қазақстанның үздік тауары» конкурсы компания қатысып отырған алғашқы байқау. Бұл біз үшін жақсы тәжірибе болады мен жұмысымызды тәуелсіз бағалау мүмкіндігі», - дейді Алексей Шайкин.

Оқыту семинарының соңында барлық қатысушыларға тиісті сертификаттар тапсырылды. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауарына» өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда оған 50 астам кәсіпорын қатысуға ниет білдірген. 

Дата создания:

30 мамыр 2018

ПОБЕДИТЕЛИ 2017 ГОДА

1. ТОО «РауанНалко» - Атырауская область.

2. АО «Каскор-Машзавод» - Мангистауская область.

3. ТОО «AVAGRO» - СКО.

4. ТОО «Алматинский продукт» - Алматы.

5. ТОО «Жаркентский крахмалопаточный завод» - Алматинская область.

6. ТОО «Planta» - ЮКО.

7. ТОО «Медикер - промышленная медицина» - Астана.

8. ТОО НПО «Дефектоскопия» - Карагандинская область.

9. ТОО «Скулбас» - Астана.

10. ТОО «Giessenhaus» - город Павлодар.

11. ТОО «Recycling Company» Карагандинская область - Бухар-жырауский район

12. ТОО «Казфосфат» - Жамбылская область.

13. ПТ «Абзал и Компания» - Кызылординская область.

Қазақ
Год вручения: 
2017

ПОБЕДИТЕЛИ 2016 ГОДА

1. ТОО «Жигермунайсервис»

2. ТОО «KARLSKRONA LC AB»

3. ТОО «Инкар-I»

4. АО «Баян Сулу»

5. ТОО «Агрофирма TNK»

6. ТОО «КазСПО-N»

7. ТОО «Petroleum»

8. ТОО «IBS Group»

9. ТОО «Камал-Ойл»

10. ТОО «АтырауНефтеМаш»

11. АО «Химфарм»

12. АО «Казахстанский электролизный завод»

13. ТОО «Ордабасы кус»

Қазақ

ПОБЕДИТЕЛИ 2017 ГОДА

1. ТОО «РауанНалко» - Атырауская область.

2. АО «Каскор-Машзавод» - Мангистауская область.

3. ТОО «AVAGRO» - СКО.

4. ТОО «Алматинский продукт» - Алматы.

5. ТОО «Жаркентский крахмалопаточный завод» - Алматинская область.

6. ТОО «Planta» - ЮКО.

7. ТОО «Медикер - промышленная медицина» - Астана.

8. ТОО НПО «Дефектоскопия» - Карагандинская область.

9. ТОО «Скулбас» - Астана.

10. ТОО «Giessenhaus» - город Павлодар.

11. ТОО «Recycling Company» Карагандинская область - Бухар-жырауский район

12. ТОО «Казфосфат» - Жамбылская область.

13. ПТ «Абзал и Компания» - Кызылординская область.

Қазақ
Год вручения: 
2017
главная

"Қазақстанның үздік тауары-2018"

Сілтемелер

 

 

 

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ