You are here

АҚТӨБЕДЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Өнер орталығы ғимаратында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының аймақтық кезеңі өтті. Оған өңіріміздегі отандық өнім шығаратын 40-тан астам тауарөндіруші қатысып, олардың 9-ы республикалық байқауға жолдама алды.

 

Байқаудың «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты», «Глобал спецодежда» ЖШС, «Ақтөбе рельс Арқалық зауыты», «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша «Вест лайн дорс» (бөлмеаралық есіктер), «Қазқағаз» ЖШС, «Ақсу» жиһаз компаниясы, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Болат ЛТД» ЖШС (таңқурай өсіру), «Ақтөбе ет кластері» ЖШС, «Рамазан» ЖШС (ұн өнімдері) жеңімпаз атанды.

 

Үздік тауарлар иелеріне Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлері байқауларға қатысуда әрдайым белсенділік танытады. Біздің кәсіпорындардың әлеуеті жоғары. Байқау, сондай-ақ, тұрғындар арасында сапа идеясын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Біздің өнімдеріміз бәсекеге қабілетті болу керек», - деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Сонымен бірге, байқауға қатысқан «Экотон-батыс» ЖШС, «Көктас» АҚ, «Сантехтрейд» ЖШС, «Миал КЗ»ЖШС, «Тексан» ЖШС, «Абылай» шаруа қожалығы, «Жаңа Әлжан» нан комбинаты, «Барбосынов» жеке кәсіпкерлігі, "Соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу өндіріс кәсіпорыны", «Эпсилон групп» ЖШС сынды бірқатар кәсіпорындар ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

 

 

Биыл осымен 13-рет өткізіліп отырған көрме-байқауға «Бастау» жобасының түлектері де өз өнімдерін ұсынды. Осы жоба бойынша білім алған Ибрагимова Ақерке («Медсервис» ЖШС) Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен шағын әйелдер дәрігері кабинетін ашқан болатын, биыл ол кәсібін кеңейтіп, дәретхана қағазы өндірісін іске қосты. Бүгін ол өз өнімдерін көрме сөрелеріне қойды.

 

«Байқаудан үлкен әсер алдым. Кәсібін жүргізіп, табысқа қол жеткізген кәсіпкерлермен таныстық, пікір алмастық. Сатып алушылардың ынтасы зор. Байқаудың ұйымдастырушылары да жергілікті өнімді көбейту керектігіне ерекше назар аударатынын айтып отыр. Бизнеске жаңадан қадам басқан кәсіпкерлеге мұндай шараларға қатысу зор мүмкіндік береді», – дейді ЖШС өкілі Қонаев Мейрамбек.

«Қазақстанның үздік тауары-2018» көрме байқауының аймақтық кезеңінің «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының жеңімпазы «Глобал Спецодежда» ЖШС биылғы жылы «Атамекен» ҰКП 5 жылдығына орай «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталған болатын.

«Мұндай марапаттар біздің командамызға әрдайым алда болуға талпыныс береді. Біз бұдан былай да тұтынушыларымызға сапалы киімдер шығаратын боламыз. Елімізде еш алаңсыз кәсіппен айналыса алатындығымыз және еңбегіміздің еленгені үшін байқау ұйымдастырушыларына, Ел президентіне алғысымызды білдіреміз», – дейді «Глобал-спецодежда» ЖШС өкілі Флора Құлмағамбетова.

«Шыңғыс» ЖШС басшысы Орынбай Жалмұратов байқауға қатысу үшін Әйтеке би ауданы, Ақтасты ауылынан арнайы келіпті. Шаруашылық жылқы, сиыр өнімдерін сатумен айналысады. Ол көрмеге әкелген қымызының ерекше әдіспен ашытылатынын айтады. ЖШС болашақта автоматтандырылған қымыз өңдеу цехын ашуды жоспарлайды.

 

 

«Біз шалғай ауданда тұратын болғандықтан мұндай облыс көлеміндегі шаралардан тыс қалып жатамыз. Бүгін байқауда ерекше қанаттанып отырдым. Мен де өз өнімдерімнің республикаға, тіпті, шетелге танымал болғанын қалаймын. Бұған отандық бизнесті қолдаушы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы септігін тигізеді деп ойлаймын», – дейді кәсіпкер.

Байқаудың басты мақсаты - отандық нарықтың жоғары сапалы өніммен толығуын қамтамасыз ету. 2015 жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің ұйымдастырушысы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Дата создания:

16 шілде 2018

ПОБЕДИТЕЛИ 2017 ГОДА

1. ТОО «РауанНалко» - Атырауская область.

2. АО «Каскор-Машзавод» - Мангистауская область.

3. ТОО «AVAGRO» - СКО.

4. ТОО «Алматинский продукт» - Алматы.

5. ТОО «Жаркентский крахмалопаточный завод» - Алматинская область.

6. ТОО «Planta» - ЮКО.

7. ТОО «Медикер - промышленная медицина» - Астана.

8. ТОО НПО «Дефектоскопия» - Карагандинская область.

9. ТОО «Скулбас» - Астана.

10. ТОО «Giessenhaus» - город Павлодар.

11. ТОО «Recycling Company» Карагандинская область - Бухар-жырауский район

12. ТОО «Казфосфат» - Жамбылская область.

13. ПТ «Абзал и Компания» - Кызылординская область.

Қазақ
Год вручения: 
2017

ПОБЕДИТЕЛИ 2016 ГОДА

1. ТОО «Жигермунайсервис»

2. ТОО «KARLSKRONA LC AB»

3. ТОО «Инкар-I»

4. АО «Баян Сулу»

5. ТОО «Агрофирма TNK»

6. ТОО «КазСПО-N»

7. ТОО «Petroleum»

8. ТОО «IBS Group»

9. ТОО «Камал-Ойл»

10. ТОО «АтырауНефтеМаш»

11. АО «Химфарм»

12. АО «Казахстанский электролизный завод»

13. ТОО «Ордабасы кус»

Қазақ

ПОБЕДИТЕЛИ 2017 ГОДА

1. ТОО «РауанНалко» - Атырауская область.

2. АО «Каскор-Машзавод» - Мангистауская область.

3. ТОО «AVAGRO» - СКО.

4. ТОО «Алматинский продукт» - Алматы.

5. ТОО «Жаркентский крахмалопаточный завод» - Алматинская область.

6. ТОО «Planta» - ЮКО.

7. ТОО «Медикер - промышленная медицина» - Астана.

8. ТОО НПО «Дефектоскопия» - Карагандинская область.

9. ТОО «Скулбас» - Астана.

10. ТОО «Giessenhaus» - город Павлодар.

11. ТОО «Recycling Company» Карагандинская область - Бухар-жырауский район

12. ТОО «Казфосфат» - Жамбылская область.

13. ПТ «Абзал и Компания» - Кызылординская область.

Қазақ
Год вручения: 
2017
главная

"Қазақстанның үздік тауары-2018"

Сілтемелер

 

 

 

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ