You are here

Импорттық арзан тауарды ығыстыру

 

Байқауда қол жеткізген жеңіс «КасХим» кәсіпорнының өніміне деген тапсырыстың өсімін қамтамасыз етті

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында қол жеткен жеңістің арқасында өнімімізге деген тапсырыстар өсімі кем дегенде 35 пайызды құрады. Компанияның коммерциялық директоры Равиль Сафиулин бұл туралы palata.kz  тілшісіне жеткізді.  

«Аталмыш байқау – отандық кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Ол кең жұртшылыққа шығарылатын өнімнің басымдылықтары жайлы айтуға, яғни тауарыңды жарнамалауға және әлеуетті серіктестер мен сатып алушыларды табуға мүмкіндік береді. Біздің компания байқау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында екінші орынға ие болып отыр. Жақында ғана талдамалық шолу жүргізген болатынбыз. Анықталғандай, байқауда жеткен жеңістен кейін тапсырыстарымыздың көлемі аз дегенде 35 пайызға ұлғайыпты. Бұл біз үшін айтарлықтай қолдау екеніне келісетін шығарсыз», - деп атады Равиль Сафиулин.

Полипропилен матадан өнеркәсіптік орама шығаратын өндіріс «КасХим» ЖШС Атырауда былтырғы жылы іске қосылған еді. Жаңа нысан бұрынғы химия зауытының базасында орналасты. Ең соңғы жабдықтар әлемдегі ірі полипропилен өнімге қажет жабдықтарды шығарушы – австриялық «Starlinger&Co» компаниясынан сатылып алынды. Зауыттың жоспарлы қуаты айына 200 тонна полипропилен өнімін құрайды, ал бүгінде өндіріс 90 пайызға жүктелген. Өнім барлық халықаралық стандарттарға жауап береді. Оның сапасын күллі процесс бойында кәсіпорынның жеке зертханасындағы мамандар жіті қадағалап отырады. Өнім өндірудегі қазақстандық мазмұн үлесі – 97, 4 пайыз. Таяу арада аталмыш көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарда бар.  

«Әзіре Атырауда полиэтилен және полипропилен өндіретін мұнай-химия кешені іске қосылғанша, шикізатты Ресейден, Түркіменстаннан және басқа да бірқатар елдерден сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Бұл көлік шығындарынан көрініс беретіні сөзсіз. Алайда, Қарабатандағы зауыт іске қосылған бетте, шикізатты осы жерден сатып алатын боламыз», - дейді компания басшылығы.

Инновациялық жобаны жүзеге асыруға компания «Бизнестің жол картасы-2020» және «Өнімділік-2020» бағдарламаларының аясында тиімді пайызбен алған шамамен 5 млн АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік субсидия көмектескен. Равиль Сафиулиннің айтуынша, қарыздық қаражатты олар таяудағы 3-4 жылда қайтаруды жоспарлауда.

«Бүгінде «Қазақмыс», «ҚазХром», «ҚазАзот», «Аралтұз» және басқалары сияқты ірі компаниялардан тапсырыстар бар. Экспорт жөнінен: «КасХим» компаниясының өнімі Ресейде жақсы сұранысқа ие. Жақында «биг-бегтер» әзірлеуге Өзбекстаннан тапсырыс алдық. Біздің негізгі міндетіміз – импорттық арзан тауарды ығыстырып, отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру, қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын құру», - дейді Равиль Сафиулин.

Компания жақында жаңа өндіріс жайын салуды, қосымша жабдықты іске қосуды, тігін білдектерінің санын көбейтуді жоспарлап жүр. Осының бәрі жұмыс орындарын аз дегенде екі есе көбейтеді. Егер қазір кәсіпорында 200-ден астам адам еңбек етіп жатса, келесі жылдың соңына дейін компания басшылығы жұмысшылар штатын 450 адамға кеңейтуді жоспарлауда. 

Дата создания:

20 қазан 2015

"Қазақстанның үздік тауары-2016" республикалық көрме-байқауы

Сілтемелер

 

 

 

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ