You are here

Экологиялық өндірістегі инновация

«Baron» ЖШС барлық өнімдерін өз құрал-жабдығында дайындайды

«Табиғатпен үйлесімге ұмтылыс». Талғар ауданындағы «Baron» ЖШС осы ұғымға сүйеніп жұмыс жасайды. Аталған компания «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік көрме-байқауының жеңімпазы. Жартылай фабрикаттар шығарумен айналысатын кəсіпорын «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша үздік деп танылған. Бұған таңдануға болмас, себебі барлық қазақстандық сурермаркеттер мен дүкендерден «барондық» тұшпараларды, мантыларды, котлеттер мен өзге де жартылай фабрикаттарды табуға болады.

Сонымен бірге, отандық өнімге Ресейде де сұраныс бар. Мəскеу маңынан компания жеке логистикалық орталық ашқан. Компания өз жұмысын 15 жыл бұрын макарон өнімдерін шығарудан бастаған.

Сондай-ақ, барлық өнімдер дербес құрал-жабдықта жасалатынын біреу білсе де, біреу білмейді. Компанияның бас директоры Сергей Калинин инновацияны қолға алған. Сондықтан зауытта мұздатылған жартылай фабрикаттардың автоматтандырылған жүйесі іске қосылған, онда технологиялық процесс жұмысшының араласуынсыз жұмыс жасайды. Мұндай желі жасау кезінде өндірілетін өнімдердің дәмдік және сапалық сипаттамасының тұрақтылығына бақылау жасайтын технологтардың барлық ұсыныстары есепке алынған, сонымен бірге желіні жаңарту және тез қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді.  Енді тек мұндай игілікті істерді патенттеу ғана қалды.

2012 жылдан бастап «Baron» жеке фермерлік қожалығын жедел қарқынмен дамытуға кірісті. Жобаны құрудағы басты мақсат – экологиялық  құс, доңыз, қой еті өндірісі желісін жолға қою. Экожоба Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауында жүзеге асуда.  

Бүгінде кәсіпорын шағын өнеркәсіптік кластерге айналған. Оның өндірістік қуаттылығы 40-тан астам өнім түрін шығаруға мүмкіндік береді. Компания Талғар ауданын жартылай фабрикатпен қамтамасыз етіп отырған басты кәсіпорын саналады. «Baron» ЖШС-да 200-ден астам адам жұмыс жасайды. 

Дата создания:

12 тамыз 2016

Алтын сапа - 2017 ҚР Президентінің премиясы

Сілтемелер

 

 

 

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ