You are here

«Алтын сапа» сыйлығына талаптанушы үздік 30 кәсіпорын іріктелді

 

Бүгін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау тобы жұмысын бастайды

Бүгін кестеге сәйкес Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының материалдары барлық үш номинация бойынша қаралды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын». Бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды. 

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша 7 қарашаға дейін жұмыс жасайтын болады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының материалдарын қарап шығып, қорытынды жиналыс өткеннен кейін Президент Әкімшілігі жанындағы лауреаттар мен дипломанттар атағын беру жөніндегі комиссия екі байқаудың да ақтық жеңімпаздарын таңдайды.

«Биыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы байқауды ұйымдастырушы болып отыр, осыған байланысты комиссия құрамы 80% өзгерді. Егер бұрын ол мемлекеттік органдар өкілдерінен тұрса, қазір оған салалық қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар басшылары кіреді. Сонымен қатар екі мемлекеттік орган – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі қатысады», - деп атады Мәдина Мұқатова.

«Алтын сапа» материалдарын қарау жөніндегі комиссияның үш номинация бойынша үш топқа бөлінетінін атап өту керек. Олардың әрқайсысын Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасарлары басқарады. Олар: Нұржан Әлтаев, Юлия Якупбаева және Гүлнар Құрбанбаева. Үздік кәсіпорындарды іріктеп алатын сарапшылар кәсіпкерліктің түрлі салаларындағы мол тәжірибеге ие. Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан сәйкестікті бағалау органдары қауымдастығы, «Қазақстанның астықты қайта өңдеушілер одағы» ЗТБ және басқалары сияқты салалық қауымдастықтар сарапшылары аталмыш процеске алғаш қатысып отырған жоқ.

Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова өтінім беру процедурасы және байқауға қатысушыларды іріктеу критерийлері жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Байқауға қатысу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінім беру керек болатын. ӨКП 1 қыркүйекке дейін «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңдерін өткізді. «Алтын сапа» бойынша құжаттар жинау 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырылды», - деп атады ол.

Салтанат Әбдікәрімованың айтуынша, байқауға қатысушылар үшін ең қиыны – бұл кәсіпорынның өзіндік баға беруі жөнінде толық есеп беру. «Оған дайындалу қажет. Ал ол үшін жыл сайын маусым айында ӨКП базасында оқыту семинарлары өткізілетін болады. Биыл аталмыш семинарды барлық өңірлерде өткіздік. Барлық тілек білдірушілер осы семинарлардан өтіп, сертификаттар ала алады. Оқудан кейін есепті оп-оңай толтыруға болады», - деді департамент директоры.

Ол сонымен қатар ISO 9000, ISO 12000, ISO 18000 немесе тіпті ISO 26000 сапа менеджментінің енгізілген сертификаттарының болуы ескерілетінін айта кетті. «Егер тұрақты стандартталған нәтижелерді мақсат тұтсаңыз, онда осы менеджмент жүйелерін енгізіңіз. Және де нарықта кем дегенде 3 жыл жұмыс жасау керек. Нарықта 3 жыл қызмет етпеген кәсіпорын тіпті балдары жөнінен де нарықта көбірек жүргендерден жеңіліп қалады», - деп баса көрсетті Салтанат Әбдікәрімова.

Департамент директоры сонымен қатар ҰКП-ның бизнесті комиссия мүшелеріне қысым көрсетпеуге шақыратынын атады.

«Біз объективтілікті жақтаймыз. Өздері туралы ресми хат жазатын, басшылыққа қоңырау соғатын компаниялар бар. Байқаудың осындай қызығушылық тудырып отырғанына қуаныштымыз, әрине, дегенмен де қатысушылардың адал бәсекелестікті ұстанғанын қалаймыз», - деді ол.

Дата создания: 19 қазан 2015

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Алтын сапа - путь к успеху!

Сілтемелер