You are here

«АЛТЫН САПА»-2019: ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

 

«Атамекен» ҚР ҰКП  кәсіпкерлер арасында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлыған иеленуге арналған байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

Аталған байқаулардың басты мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау және нарықты сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық тауарлармен толықтыруға атсалысу.

Байқауларға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды.

Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2019 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтына электронды нұсқада өтінім жіберу керек.

Байқауларға қатысушылардың материалдарын  рәсімдеу, ұсыну және материалдарды алдын ала бағалау ережелеріне сәйкес  рәсімделген байқау материалдары (есептер) өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе электронды түрде www.altynsapa.kz сайтына жіберілуі керек.

Байқаулар бойынша толық ақпаратты ресми сайттан және 8 (7172) 919-388 нөміріне хабарласып білуге болады.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы «Алтын Сапа» байқауында үздік кәсіпорын атағын алуға 182 шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» сынды 4 аталым бойынша қатысты.

Дата создания: 06 ақпан 2019

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Премия "Алтын сапа" - 2021

Сілтемелер