You are here
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы бойынша онлайн дауыс беру аяқталды

25 қазаннан 26 қазанға қараған түні www.altynsapa.kz сайтында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысушы 27 финалисттің арасында өткен онлайн дауыс беру аяқталды.
Компаниялар келесі аталымдар бойынша ұсынылды:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
- «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
- «Үздік азық-түлік тауарлары».
Онлайн дауыс беру ағымдағы жылдың 15 мен 25 қазан аралығында өтті.
Әрбір қазақстандық бір номинацияда үш кәсіпорын үшін өз дауысын бере алды.
Жеңімпаздар ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.
Дата создания: 28 қазан 2019