You are here

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛАДЫ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беру конкурсын ұйымдастырушы ретінде www.ulydalaeli.kz сайтында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау АЯҚТАЛҒАНЫН хабарлайды.

 

2021 жылы конкурсқа қатысуға 23 ұйым өтінім қалдырды.

 

Конкурсты ұйымдастырушы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес конкурстың келесі кезеңдеріне көшеді.

 

Конкурстың негізгі мақсаты тауарларды экспорттау кезінде отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімін «Ұлы дала елі» ортақ брендімен ынталандыру және позициялау, елдің шет елдерде танымалдығын арттыру болып табылады.

 

«Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарықтарда ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне беріледі.

 

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентімен жарияланған «Ұлы дала елі» тұжырымдамасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау тапты. Осыған байланысты экспорттаушылар арасында «Ұлы дала елі» ортақ брендін қолдану құқығын беру байқауы алты жыл қатарынан ұйымдастырылды. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (қызметтерді) өндірумен айналысатын және өнімдерді экспорттайтын заңды тұлғалар қатысады. 2016 жылдан бастап 16 отандық экспортер байқаудың жеңімпазы атанып, «Ұлы дала елі» бірыңғай брендін пайдалану құқығына ие болды.

 

«Ұлы дала елі» конкурсы туралы толық ақпаратпен www.ulydalaeli.kz сайтында танысуға болады.

Дата создания: 02 қыркүйек 2021

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Алтын сапа - путь к успеху!

Сілтемелер