You are here

ҚАРАҒАНДЫДА «АЛТЫН САПА» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» БАЙҚАУЛАРЫНЫҢ ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

17 мамыр күні Қарағандыда ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы қатысушыларына арнап оқу семинары өткізілді. Семинарға өңірдің 30 компаниясы қатысты. Айта кетелік аталған оқу семинарлары бүкіл республика бойынша өтуде.  

Семинар барысында ҚР Президенті «Алтын Сапа» сылйғын алу байқуы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізу бойынша сарапшы Мәдина Мұқатова байқауларға қатысу ережелері жайында ақпарат берді. 

Сарапшының айтуынша,  «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы биыл үш кезеңнен тұрады. Алғашқы рет онлайн дауыс беру іске қосылады. 

 Айта кетелік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының негізгі мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың отандық өнімін сапасын жақсартуға бағытталған қызметін белсендету, Қазақстан нарығын сапалы әрі бәсекеге қабілетті өніммен толығуына атсалысу, басқарудың заманауи әдістерін енгізу және отандық, халықаралық стандарттары негізінде сапамен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа мәселесі, халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттауға  аудару болып табылады. 

 Қазіргі таңда Қарағанды облысында ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға 80 компания ниет білдірді. 

 Ақпаратты мына нөмір арқылы алуға болады: +7 (7212) 504055

Дата создания: 21 мамыр 2018

Видеоурок 21. Оформление онлайн-заявки на конкурс-выставку Лучший товар Казахстана

Алтын сапа - путь к успеху!

Сілтемелер