You are here
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» Президент сыйлығын алуға арналған байқау және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы туралы» 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, елімізде жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық және өңірлік көрме-байқауы өткізіледі.
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ»
КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:
- жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
- Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
- отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
- сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
- халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш номинация бойынша жүргізіледі:
- «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
- «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
- «Үздік азық-түлік тауарлары».
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
Өңірлік байқауға заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер келесі жағдайларда байқауға қатысушы үміткер бола алады:
- Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ және әскери техника өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды қоспағанда) өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
- Өнім сапасының орнықты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде байқау ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға
- Байқауға қатысуға ниет танытып отырған заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауларына ұсынылатын өнімдердің және байқау материалдарын алдын ала сараптамалық бағалау және ұсыну, ресімдеу ережелеріне сәйкес байқау ұйымдастырушыларына материалдарды ресімдейді және ұсынады.
- Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысады.
Республикалық байқау жеңімпаздары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және әр номинациІ, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқау дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Байқау дипломанттары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы қолдану құқығын иеленеді.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының ұйымдастырушысы болып табылады, республиканың 14 өңірі және Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлер палаталары «Қазақстан үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының ұйымдастырушылары болып табылады.
Нормативтік құжаттар
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ОТ 9 ОКТЯБРЯ 2006 ГОДА №194
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ (ЛТК)
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ (ЛТК)
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ (ЛТК)
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ ГОРОДА АСТАНЫ (ЛТК)
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ (ЛТК)
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ (ЛТК)
СОСТАВ ЭКСПЕРТНОЙ ГРУППЫ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ (ЛТК)
ПРИЛОЖЕНИЕ 3 К ПРИКАЗУ (№ 178 ОТ 03.08.2015)
ПРИЛОЖЕНИЕ 2 К ПРИКАЗУ (№ 178 ОТ 03.08.2015)